ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ ҚАНДАЙ БОЛҒАН!

Аса қабылетті, оқыған, ержүрек, батыр аналар сансыз көп!
Олар:
СЫЛАНДЫ АНА. (VII-VIII ғ.) Ел аузындағы аңыз-әфсаналар мен шежіре деректері бойынша, Сыланды ана — Ұлы жүзге кіретін, Бәйдібектің немерелері, Жәлменбеттің ұлдары болып келетін Ысты, Ошақты, Шапыраштының анасы. Ұлы жүз шежірелерінде көрсетілгендей, Сыланды ананың –батыр ана!
АЛЫП АНА. Aңыз кейіпкері. Жазба деректерде батыр әйел жерленгені айтылады. Археологиялық зерттеулер бұл жерде XIV-XVI ғасырларда ортағасырлық күмбез тұрғанын көрсетеді.. Күмбездер мен сағанатамдар әктас пен күйдірілмеген кірпіштен көтерілген. Ескерткіш Маңғыстау-Үстірт стилінде жасалған.
ГҮЛАЙЫМ. Түркінің эпикалық «Қырық қыз» жырының басты кейіпкері батыр Гүлайым – Аллаяр ханның қызы. Гүлайым бастаған қырық күң Хорезм хандығының қорғаушылары, ел кегін қайтарушы. Эпосда Гүлайым әкесінен Мəyəлі деген жерді сыйға алады. Гүлайым үшін қамал тұрғызылады. Гүлайым 40 қызбен әкесінің хандығын қорғайды, 40 қыз жасақтың қызметі – барлау жасап, қауіп туралы хабар айту. Гүлайым Хорезмнің билеуші-Хатуны болды.
ҚАPАШАШ. (XV ғ.) - Жиpенше шешенге байланысты тұpмыс-салт кейiпкеpi, Жиpеншенiң әйелi. Қаpашаш тypалы еpтегiлеpдiң сюжеттеpi, көбiнесе, шешендiк жұмбақтаp. Ол шешендiк, тапқыpлық, даналық тypалы еpтегiлеpдiң пайда болy, қалыптасy және дамy таpихымен тығыз байланысты.
СҮЙІМБИКЕ. (1516-1554) - Қазан хандығының билеушісі (1549-51). 1549 -54 жылдары Үлкен Ноғай ордасының билеушісі болған Едіге әулетінің ұрпағы, Жүсіптің қызы. Әкесі Сүйімбикені 1533 жылдары Қазан ханы Жанәліге ұзатқан. 1535 жылы Жанәлі хан Қазан ақсүйектерінің ұйымдастыруымен тақтан тайдырылып, айдауға жіберілгеннен кейін таққа отырган Сафа-Гирей ханға тұрмысқа шыққан. 1549 жылы Сафа-Гирей хан қайтыс болғаннан кейін Қазан хандығының билеушісі Сүйімбике болды.
АҚТОЛЫС АНА. (шамамен 1600–1655) - Ел есінде сақталған – ана. Есім ханның замандасы Жарлықамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы. Жасынан көріпкелдік қасиетімен аты шыққан.. Құрметтелген. Ұрпақтарынан Сары мырза (Ресейге қазақ елшілігін басқарып барған елші), Бөрібай батыр, Тауасар батыр, Шаппа би, Қыдырәлі би, тб. қайраткерлер шыкқан.
ДАРАБОЗ АНА. (шамамен 1690–1770) - Шешен, би. шыққан. Шын есімі – Қалипа, кейін Үлпілдек Қайын атасы Кенжеке келінін Жолбарыс биге сынатады. Дарабоз сұрапты: «Көкке тіреу не болар? Көлге піспек не болар? Терісін теспей, етін сорған не болар? Жілігін шақпай, майын сорған не болар?». Дарабоз ананың жауабы: «Көкке тіреу күн болар. Көлге піспек жел болар. Терісін теспей етін сорса, қара нарды қалтыратқан қаңтар ғой. Жілігін шақпай майын сорса, екі ағайынды ақпан (айы) ғой». Жолбарыс би: «0атарыңнан мойның озық, бұдан былайғы ныспың Дарабоз болсын» деп бата берген екен. Дарабоз ана ел басына күн туған сәтте Жетісу жерінде жауға қарсы күресті ұйымдастырған Ескелді Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан Асанұлы сынды ел басшыларына үзеңгілес серік бола білді.
ЕСЕНБИКЕ. (XVIII ғ.)-Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дерегі бойынша, Толыбай кедей адам болған. Ал Ә.Марғұланның жазуынша, Толыбай 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Есенбике баласы Олжабайды Қаратай батырдың тәрбиесіне беріпті. Аңыз бойынша, Олжабай батыр ең алғаш рет сол нағашы атасы Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кіреді
АҚБИКЕШ. (XVII ғасырдың алғашқы жартысы) Есім ханның жорықтарына қатысқан ержүрек қыз.. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, жауды осы қарауыл мұнарадан қарап тұрған. Бұл мұнара «Ақбикеш мұнарасы» аталып кеткен. Ел аузында; «Ақбикешті жоңғарлар қапыда қолға түсіріп, көзін ойып алған» - деседі. Ақбикеш мұнарасы — Қаратаудың батысында. Ақсүмбе кентінен оңтүстікке қарай орналасқан биік жота басында тұр.
БОТАГӨЗ. Тама Есет батырдың қызы Ботакөз жас кезінде апасы Жапалақпен бірге жүріп, одан соғыс өнерін үйренеді.
Тарихи деректер бойынша 1742 жылы Есет батыр мен Тілеулі батырды Орынборға жол жүріп кетеді. Сонда Жоңғарлар шабуыл жасап, қуғыншыларды қырып салады. Ботакөз бірден қолына қару алып, 150 сарбазбен шапқыншыларға қарсы шығады. Осы шайқаста Ботакөз қалмақтардың қолбасшысы Қонды тайшыны атының үстінен жұлып алып, сүйретіп әкетеді.
ЖӘНДЕЛІ. Қалмақ шапқыншылығы кезінде, Алтай-Тарбағатайды қытайлар иемденіп қалмақшы болғанда, ерлігімен, тапқырлығымен аты шыққан қыздардың бір – Жәнделі.
БОПАЙ ХАНЫМ. Бопай ханым (1690 - 1780) Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқарған, ержүрек қайраткер. Бопай адай руынан –Табынай батырдың ұлы Сүйіндіктің қызы. Ресей мұрағаттарында 1731 жылдардан кейін оқиғаларда аталады. Бопай, Әбілқайырдың жары ғана емес, ханның барлық қадамдарын қолдаушысы еді. Бопайдың 1748 ж. 5 қазанда Елизовета Петровнаға, 1731 жылы 22 қараша патшайым Анна Иоановнаға жазған хатынан көрінеді. Бұл – сол дәуірдің шындығы.
Ағылшын суретшісі Джонь Кэстль 1736 жылы хан ордасында болып, Бопайды әдемі суреттеген. Ресей үкіметінің адамдармен (40 шақты) хат алысып және жеке мөр ұстаған. 1751 жылы 8 шілдеде Бопай Орынборға келіп, 7 тамызға дейін болып, Губернатордың қабылдауына кі¬реді.
Бопайдың зираты Соль-Илецкіден тіке барғанда 70 км оңтүстікте, Шыңғырлау ауданымен шекара¬ әскери полигонның аймағында. Қасында «Бопай сайы» деген жылға бар екен
ҚАРҚАБАТ АНА. Арғын − Мейрамсопыдан тарайды. Мейрамсопыны Қарқабат ерекше құрметтеп, қызмет көрсеткені сондай — өмірінде Мейрамның табанынан сыз өткізбей, етіне суық су тигізбей күтіпті. Түзге отын тере шықса, қу көдені жұлып әкеліп отағасысының табан астына төсеп, түнде дәрет алатын құманды бауырына басып жылытып жатады екен. Қарқабаттың осындай ықыласын көрген сайын Мейрамсопы: «Ой, көсегең көгерсін! Бір туғаныңнан бір туғаның аса берсін! Өсіп−өнген ұрпағыңның ұранына шық!» деп бата беретін көрінеді. Қарқабат ананың есімі Қаракесек руының ұранына айналды.
АҚБИКЕШ АРУ. Есім ханның шолғыншы батырларының бірі. ХVII ғасырда, Есім хан жасақтарының Бұхараға, Қашғарға Қалмақ жеріне жасаған жорықтарына қатысқан ержүрек қыз. Аңыз бойынша оның көргіштік және болжағыштық қасиеті ерекше болған екен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, сол мұнарадан төңіректі шолып тұратын болған. Және сол аңыз бойынша Ақбикешті жоңғарлар қапыда қолға түсіріп, өшікеннен оның көздерін ойып алған дейді.
БОПАЙ СҰЛУ. Кенесары Қасымұлы көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі, Кенесарының қарындасы. Қасым төренің жалғыз қызы. Жастайынан өжеттігімен көзге түсіп, күйеуі мен сұлтан Сартеке, Досан Әбілқайырларды көтеріліске шақырады. Олардан келісім ала алмаған соң, 1837 ж өзінің 6 баласын ертіп, көтерілісшілерге қосылады. Бопай 600 әскер қолды бастап, көтерілісшілерді азық, қару-жарақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Сын сағаттарда қол бастап жүріп тұтқынға түседі. Соның бәрінде де мойымаған. Кенесары ханның қырғыз жеріндегі ақтық шайқасында Бопай ағасымен бірге шабуылға қатысқан. Бопай сұлу Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде жерленген деген деректі тарихшы Серік Әжіғали өз монографиясында келтіреді.
АЙҒАНЫМ ХАНЫМ. (1783 - 1853 жылдары) Сырымбет жайлауында өмір сүрген. Уәли ханның кіші әйелі. Ол өз кезеңінің көшбастаушысы, бірнеше тілді білген. Санкт-Петербургтегі Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментімен хат жазысып, Омбыдағы, Тобыл мен Петропвалдағы шенеуніктермен тығыз байланыс орнатқан.
Айғаным - Абылай ханның тұңғыш ұлы Уәлидің кіші әйелі
ГАУҺАР БАТЫР. Үржар жерінде туған, атақты Қаракерей Қабанбай батырдың жары. 1700-1756 жылдары өмір сүрген, орта жүздің батыры, биі Бәсентиін Малайсары қарындасы. Қалмақ соғысы кезінде ерлігімен ел есінде қалды. Қабанбай мен Гаухардың тұңғыштары Назым да өзінің ерлік істерімен тарихта аты қалған. 1724 жылы Жоңғарлар Түркістан қаласына шабуыл жасайды. Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарға қарсы шабуылға шықпақ болып жатқанда, Гаухар Жоңғарларлардың қоршауын бұзып шығып, Қабанбайға жау туралы толық мәліметтер береді. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Гаухар Қабанбайға өмірлік жолдас болып, уақыт өте келе «Гауһар батыр» атанады. Гаухар батырдың азан шақырып қойған аты Майсара болса керек.
САПУРА. (Көктемір) батыр Сапура Мәтенқызы 1753-1776 жылдар өмір сүрген. Зерттеуші қаламгер Әнес Сарай, «Сапура 1753 жылы қазіргі Ақтөбе облысы – Қобда бойында туды»- дейді. Қобда өзені бойын мекендеген Мәтен батырдың отбасында дүниеге келген. 22 жасар жас келіншек Сапура бірінші күйеуін қашқын қалмақтар өлтіріп кетіп, әмеңгерлікпен қайнысы Жанболатқа қосылады. Қобда бойында көшіп-қонып жүреді. Ресей патшалығында шаруалар күресін басуға шыққан орыс әскерлеріне қарсы күрестің аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға – «Көктемір» туралы аңыз таратады. Барлық іс-қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер келіншек шайқасқа шығады. Алайда, орыс әскерлері оның әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, «Көктемір» деген атын ғана білетін болған. «Тарихи деректе, бұл қазақ халқының, Кіші жүз аумағының Емельян Пугачев көтерілісінен кейінгі қанқұйлы жазалаулардың зардабын тартып, ел еңсесі түскен шағы екен. Сапура алысты болжайтын ақылмандығын осы тұста байқатады. Ол тарыққан, әрі қамыққан халқына пана болды.
1775 жылдың күзінде Елек, Қобда өзендері сағасында отырған табын, тама руларының халқы атқа мініп, ереуілге шығады. Бұл қозғалыс тарихта Көктемір көтерілісі деген атқа ие болады. Соған қарамастан Пугачевтің идеясын қолдап, ашық та, жасырын да күреске шыққандар аз болған жоқ. Алайда көтеріліс басшысының қаза табуы өрекпіген көңілдерге тоқтау салғандай еді.
Ержүрек Сапура Мәтенқызын ғана ештеңе тоқтата алмады. Ол Пугачев атын ұрандатып, оның тасаға бет алған бұрынғы серіктерін, Жайық бойы казак-орыстарын, арғы беттегі қалмақтар мен терістіктегі башқұрттарды, тіпті мордва, чуваш, череміштерді басын біріктіріп, атқа мінгізуді ойлады.
Пугачев көтерілісі кезінде қазақ даласындағы «ұстатпайтын ұстын», «көзге көрінбейтін жан» деп аталған Сапура Мәтенқызы да жұмбақ жағдайда кетті...
КӨШІМБАЙҚЫЗЫ АЙҚЫЗ. (1876-1918) Азамат соғысының қаһарманы. Аягөз ауданы Сарыбұйрат ауылында шаруа Көшімбайдың отбасында туған. Серигиопольдегі (Аягөз) қазақ эскадронын қарусыздандыруға және қорғаныс күндері окопқа тамақ жеткізуге көмектесіп, жаралыларды емдейтін пункт ұйымдастырған. 1918 жылы 11 наурызда Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты
Қазақ қыздарының ерлігін әйгілі Кирдың басын алып, патшалық құрған Тұмар ханымнан бастап, ерлік жолын 1986 жылы тәуелсіздік жолында жанын қиған Сәбира мен Ләззаттар жалғастырады.