ОМАР ХАЙЯМНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ

ОМАР ХАЙЯМ (Гиясаддин Абу-л-Фатх Омар ибн Ибрахим әл-Хайям Нишапури (1048 — 1131)) — көрнекті парсы ақыны, математик, астроном, астролог, философ. Кубтық теңдеулердің классификациясын құру және оларды конустық қималар арқылы шешу арқылы математикаға үлес қосқан. Бүкіл әлемге көрнекті философ және ақын ретінде танымал. Омар Хайям Иран мен Ауғанстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген ең дәл күнтізбелерді жасаумен де танымал.
1. Әділетті болу үшін, алдымен мейірбан болу керек.
2. Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емес.
3. Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады.
4. Мені адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
5. Әрекет етпей, арманға жетуді ойлау - егін екпей, оны жинаумен тең!
6. Адамның ең әлсіз тұсы – біреуге деген сезімі.
7. Келдің бе? Ешқашан кетпейтін оймен кел. Кеттің бе? Ешқашан келмейтін оймен кет!
8. Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамның өзі сені сатып кетуі мүмкін.
9. Адамның қалтасына көп ақша түскен сайын кеңкие түседі. Ал жүрегіне иман ұялаған сайын еңкейе түседі.
10. Барлығы тізерлеп жылайды деп ойлаған жерде – күлімде. Адамдарға ешқашан әлсіз тұсыңды көрсетпе.
11. Ашуланғанда жанжал шығарып, айғайлаған адам қауіпті емес. Ашуланғанда бәрін бақылып, үнсіз қалған адам қауіпті.
12. Сен айттың – мен сендім, сен тағы қайталап айттың – мен күдіктендім.
13. Ешкімге ештеңе дәлелдеме. Саған сенетін адам дәлелсіз-ақ сенеді. Сенбейтін адамды не жасасаң да сендіре алмайсың.
14. Адамды екі нәрсе қатты өзгерте алады: бірі – өміріңде жаңа адам пайда болса, екіншісі – өміріңнен бір адам кетсе.
15. Айтқаның шындық болса, ешқашан ешкімнен қорықпа. Себебі, аққа құдай жақ.
16. Саған қолдау керек кезде, сені тастап кеткен адамдарды ұмыт. Бірақ, оларға қолдау керек кезде сен көмек беруге аянба. Сен басқа адамсың!
17. Саған уақыты жоқ адамға, сен де уақытыңды жоғалтпа.
Айгүл Кемелбекқызы Сағымбайдың
фб парақшасынан