ЕСТЕ ҰСТАЙТЫН ЕСТІ СӨЗДЕР

22 сәуір 2025 171 0
Оқу режимі

Намаз – тек құлшылық емес, ол рухани және энергетикалық тепе-теңдікті сақтаудың жолы. Намаз арқылы адам тәндік, рухани, тіпті ғарыштық деңгейде қуат алады.

Қиям – адамның тік тұруы, бұл – рухтың сергектігі, нық сенім мен тура жолда тұрудың белгісі.

Руху – иілу, бұл – адамның Жаратушыға бағынып, өзін кішірейтуі, тәкаппарлықтан арылуы.

Сәжде – жерге толық жығылу, бұл – Алланың алдында толық мойынсұну, шынайы берілу.

Сәжде кезінде мидың жерге тиюі де ерекше мәнге ие. Кейбір зерттеулерге сәйкес, сәжде жасағанда адамның миына қан айналымы жақсарып, дененің биоэнергетикалық жүйесі реттеледі. Бұл – адамның Алламен байланысының ең жоғары сәті.

Яғни, намаз – физикалық қимыл ғана емес, ол тән мен рухтың үндестігі арқылы Алланың жіберген қуатын қабылдаудың жолы.

 

 Құдияр БІЛӘЛ

 

Иә, бос сөз, қысыр әңгіме, арзан күлкі, біреуді талқылап, өсек айту, тек дүниелік мақсаттардың артында жүріп, бар уайым-қайғының қарабастың қамынан аспауы Құдайдан алыстағаныңның белгісі, Алланың сенен назарын бұрғандығының дәлелі.

Яғни, айналысып жұрген ісің Алланың назарындағы сенің деңгейіңнің өлшемі болмақ. Басқаша айтқанда Жаратқанның жанындағы жағдайыңды білгің келсе, Ол сені қандай істерде қолданып жатқанына қара.

Ауыр. Бірақ әрқайсымызға дабыл қағып, ес жидыратын ащы шындық.

Раббымыз, бар білетінімізді, ең үлкен уайым-қайғымызды алдамшы дүние ете көрме!

 

Kairat ZHOLDYBAIULY

Ағайын, талғамға талас жоқ. Өйткені таным - әртүрлі. "Сен неге мен сияқты ойламайсың? Яғни ақымақсың!" деу де - ағаттық. Адам болған соң, ойланады, ізденеді; өзінше бір шындықты табады... Басқалардың сенімін сыйлап үйренейік. Өзімізден басқаша ойлап тұрған адамды түсіну үшін ол оқыған дүниелермен танысып көрейік; зерделейік, түсінуге тырысайық...

Сынау мен мінеудің айырмасы бар... Біреуді жамандап, жақсы болу мүмкін бе?..

Басқа адамды сыйлағаным - өзімді сыйлағаным, біреуді қорлағаным - өзімді қорлағаным!

Өйткені атам қазақ айтқан:

 "Жақсылық қылсаң - өзіңе, жамандық қылсаң - өзіңе, аспанға қарап түкірме - түседі қайтып көзіңе!"...

 

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

 

 

Пікірлер Кіру