БҮТІН АДАМ

07 сәуір 2025 408 0
Оқу режимі

Мәшһүр -Жүсіп шығармаларында  “Бүтін адам”  образын сомдап шығарған. Бүтін адам мен Түгел адам - біздің біртұтас тәрбие, білім - жүйесіне, ұлттық тәрбие берудегі маңызы өте зор. 

 

Шықпаған, сараңдықтан, бүтін -қолдан,

Қалмас ең болса бүтін , мұнша жолдан.

Дүниеде қылған қайыр, ықсаныңыз,

“Тар жер, тайғақ кешуде” пана болған.

 

Бүтін адам.

Жиылсаң бір араға тамам түтін,

Түтіннің не болатын көрдің бетін.

Қайыр, ықсан, сауапты - жарты қылмай,

Қылагөр күні бұрын соны бүтін.

 

Түгел адам.

Байғыздай өзіңді-өзің жұрттан қашыр,

Ішіңді аш қып, үніңді таудан асыр,

Түгел адам болуға талап қылсаң,

Шала-шарпы жандардан сырың жасыр!

“Шала-шарапы адам”  да Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған. Бүтін, түгел адам болу үшін:  “Білімді, зерек адам” бол дейді.

 

Нәпсінің кім құтылар хайласынан?

Залалы асып кетер пайдасынан.

“Біілімді, зерек адам болам!”-десе,

Қара өзіңді басқаның айнасынан!

 

Жарты адам (Жарты кісі).

Айдаһар ақырумен жақын келді,

Өлерін сорлы даяу анық білді.

“Кеттім ғой су түбіне!”-деп тұрғанда,

Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді.

Идеясы адамға жақсылық қылсаң жарты қылма  “сый қылсаң, сыпыра қыл”- мен жарты аламмын, түбі жақсылықты  жарты қылмай бүтін жасау керек екен дегенді мансұқ етеді. Жалпы, жарты адам да жақсылық жасағысы келеді. Өзінің жарты адам болғанына өкінетін сияқты. Жарты адам бір қарағанда - символ болып та көрінеді. Ауызыңдағы сөзді абайла сол сөз өзіңді айдаһар болып қуады дейді. “Жарты нан”  өлеңінің сюжеті бірінің ішінде бірі қос-қабат жатыр. Өте күрделі философиялық күрделі шығарма.  (Мәшһүр Жүсіп).

 

А.Трушевтің фб парақшасынан

Пікірлер Кіру