БАЛ АРАСЫ БАЛ БЕРЕДІ. ЖЫЛАН У ЖАСАЙДЫ.

Ислам әлеміндегі ғалым-ғұламалардың арасындағы сұмдық қарама-қайшылықтар неден туындайды?
Ислам әлемі бейне бір жүйесіз, ереже-заңды толық сақтамайтын депутаттар мәжілісіне немесе тәртіпсіз кеңестік отырысқа ұқсайды. Кейде құлағымыз естіп қалады, көпшіліктің ойы бір бөлек... пәтуа бір бөлек шығыпты... деп.
Әрине, көпшілік қабылдаған шешімнің тысындағы сөздер, егер ақиқатқа жанасып, негізі бар, бос сөз емес болса мамандардың жеке көзқарасы деп қарауға болатын шығар. Сөйтіп, әрбір маман өзіне ыңғайлы шешімді қабылдай берсін. Бірақ бұл жерде ескере кететін маңызды екі мәселе бар:
Біріншісі; Пәтуаның болмысы ақиқатты толық қамти алмайтын шектеулі болады. Пәтуа берушіге “Дұрысы осы ғана” деп айтуға мүлде болмайды. Қабылданған пәтуалар сол маманға қарай, оның қабілеті мен қалауының шешімі деп қаралады. Назар аударатын үлкен мәселе: Үкім (пәтуа) шығарған адам мұны ескермей сөзін жалпыға ортақ көрсетуі оның үлкен қателігі!
Себебі, фанатизиммен ауыратын ерушілер оның бұл сөзін жаппай орындалуы керек деп ойлап қалады. Ал еліктеуші фанаттар бұл сөзді сақтау үшін қарсыластарын аяқтан шалып құлатуға тырысады. Бұл тұрғыда теке-тірес, жаға-жыртыс, жоққа шығару, бір-бірін қабылдамау болғаны сонша, аяқтан шыққан шаң, ауыздан алаулаған отты сөздер, тілдерден шыққан жалын шашқан айтыс-тартыстар, жарқ-жұрқ еткен жанжалдар ортаға бұрқ етіп шығады. Сөйтіп Исламның күндей ақиқаттарының жарқырауына бұлт секілді перде болады.
Екіншісі; Әуестігін басып, табиғатын жеңбеген, өзіндік айнасына басым түспеген маман оңды-солды пәтуа беруі үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені, үкім беруші маман ол айтылған үкіммен алдымен өзі ыңғайланып, оның талабына сай түрленуі керек бола тұра, оны өзіне ыңғайлап, түрлендіріп, өз дегеніне қарай қолданады.
Міне, осылайша тура жол құмарлыққа айналып, мінез-құлықтан аса алмай қалады. Бал арасы су ішіп, бал береді. Жылан болса су ішіп, у жасайды.
Исламтанушы Ph.D докторы Темур Аманқұл