АҚЫЛ МЕН НАҚЫЛ

15 мамыр 2025 576 0
Оқу режимі

- Құранды, жалпы дінді түсіну үшін ақыл мен нақылдың сабақтастығы өте маңызды. Нақыл дегеніміз - Құран мен хадис. Бұл жөнінде әйгілі ғұлама Рағиб әл-Исфаһани (қ.ж. 1108)  нақылды (уахи) адамға сырттан берілген ақыл, ақылды адамның ішінен туындаған уахи ретінде түсіндіреді.

- Бұл туралы ол былай дейді: «Алла адамзат баласына тура жол көрсету үшін екі елші тағайындаған. Ол екі елшінің бірі іштен, бірі сырттан. Іштен келетіні – ақыл, ал сырттан келгені – Пайғамбар/уахи. Іштен туындаған елшіден пайдаланбаған (ақылды іске қоспаған) адам, сырттан келген елшіден пайдалана алмайды. Іштегі елші сырттағы елшінің шақыруының сахих (сенімді/дұрыс) екенін біледі.

 Егер, олай болмаса, ол себепті жауапкер болуы мүмкін емес. Сол себепті Алла Тағала өзінің уахданияты (тәухид) мен пайғамбарларының елшілігіне қатысты күмәнге түскендерді ақыл-ойға жүгінуге шақырады. Ақыл – патша, дін уәзір. Ақыл болмаса, дін тұрақтылығы мен тазалығын/саулығын сақтай алмайды (Ақыл болмаса, дінді түсіну мүмкін емес).

Сондай-ақ дін болмаса, ақыл да әрдайым ақиқатты таба алмай адасады. Ал ақыл мен діннің сабақтастығы, Алланың бұйырғанындай «нұр үстіне нұр» (Нұр сүресі, 24/35). 

Қазіргі мұсылмандардағы дағдарыстың бірі - ақыл мен нақыл сабақтастығының жоқтығы. Бірыңғай нақылшылдық/мәтіншілдік немесе бірыңғай ақылшылдық бар.

 

Тәпсір ілімі (тарихы, әдіснамасы және мәселелері)

Жоламан БҰЛАНҰЛЫ

Пікірлер Кіру